Анажан, апатай, анашым

lat: Anajan, apataı, anashym

Анасын жақсы көріп, анасына еркелеп айтатын сөз.

Бастан бақыт құсы ұшып,

Ол құс қайта қонар ма?

Қойғанменен, шешеке,

Бұл жалғанда оңар ма?

Асыл туған, анажан («Батырлар жыры»).

Бекбай атадай беделді ақсақалды сыйлағандықтан, оның тоқалын апатай деп жатыр (Ә.Кәрімов).

Мүмкін дәл қазір ол мені ардақты анашымдай қуаныштан көзіне жас алып кутіп тұрған болар (М. Шаханов).